Қостанайда сот көлік жүргізушісіне 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 2 млн. теңге моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған 1980 жылы туған Вячеслав Урсанға қатысты сот үкімін шығарды.

В.Урсан 2015 жылдың 16 қарашасында сағат 08.00 шамасында Қостанайдағы «Рассвет» автобус аялдамасының маңында «Mersedes Benz 814» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатып қылмыстық менмендік жасап, жолақты жерден жолдан өтпек болған жаяу жүргінші К.Өтеулинді соғып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші Қостанай қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіледі. Бірнеше күннен кейін зардап шегуші қайтыс болған.

Сот үкімімен В.Урсан қылмыстық әрекетте айыпты деп танылып, оған колония қоныста екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру, үш жыл мерзімге автокөлік жүргізуге қатысты жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 2 млн. теңге көлемінде моральдық зиянда өндіруге міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі