Қостанайда сот оқуының Стратегиясы жобасын талқылау бойынша дөңгелек стол өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотының Оқу орталығы сот оқуының Стратегиясы жобасын талқылау бойынша дөңгелек стол ұйымдастырды. Оған судьялар, облыс прокуратурасының және Қостанай облысының ЖОО өкілдері қатысты.

Осы жоба зерделеніп, дөңгелек столға қатысушылар сот оқуын жетілдіру жөнінде бірталай ұсыныстар айтты.

Дөңгелек столдың модераторы Абулхаирова Ботагөз талқылаудың көкейкестілігін айтып өтті, судья лауазымына кадрлар іріктеуді жетілдірудің және жұмыс істеп жатқан судьялардың біліктіліктерін жоғарлату мәселелерін көрсетті.

Дөңгелек стол барысында жоғарғы оқу орындарында судьяларды даярлау үшін арнайы бөлімшелер мен арнайы курстар ашу, студенттар үшін ашық сот отырыстарын өткізу арқылы судья жұмысын тарату, соңғыларымен әрқайсысының пікірлерін ескере отырып істі талқылау, психологиялық семинар-тренингтер арқылы коммуникативтік дағдыларына үйрету қажеттілігі айтылды.

Қостанай облысы прокуратурасының өкілі Досымхан Мұратханов судьялар үшін білім беру бағдарламалары жөнінде өз пікірін білдірді. Ол терең білімді профессорлары мен оқытушылары бар ҚР Бас Прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары Академиясымен өзара әрекеттер туралы айтты. Сонымен қатар прокурор жұмыс істеп жатқан судьялар үшін кәсіби жарамдылықтарына тестілер тапсыру мерзімін бес жылдан екі жылға азайтуды ұсынды.

Дөңгелек столға қатысып отырған жас судьялар дене және моралдық жүктемені ескере отырып, судьялардың психологиялық даярлығын күшейту қажеттілігін атап өтті, ол үшін отставкадағы судьяларды, тәжірибелі менторларды, сонымен қатар жақын шетелдерден әріптестерді тарту керек деді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың судьясы Метаев Жолдыбай  соңғысы ата-аналардың біреуімен тұратын жерін анықтау жөніндегі немесе халықаралық бала асырап алуға қатысты халықаралық даулардың өсуіне байланысты туындайды деді.

Дөңгелек столға қатысушылардың айтқандарын қорытындылай келе, Қостанай облыстық соты төрағасының м.а. Жайлебаева Жанара судья лауазымына кадрлар іріктеу мәселесіне де тоқтады. Ол судья лауазымына тағайындау кезінде тағылымдамадан өту деңгейін ескеру керек, оған формалды қарамау қажет деді. Тағылымдамадан өтушіні судьяның көмекшісі деңгейіне дейін көтеру қажет, ол тек іс жүргізу құжаттарын жасап қана қоймай, іс бойынша өз пікірін білдіруі қажет деді судья.

Дөңгелек стол қорытындысы бойынша оған қатысушылардың барлық ұсыныстары ЖОО студенттері мен судьялар үшін  сот оқуының бағдарламасын жасау үшін назарға алынды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі