Қостанайда сот пәтерді жекешелендіруден бас тартуды заңсыз деп тапты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша Т. қаладағы пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін заңсыз деп тану туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мәлімдегендей, 1998 жылдың 6 наруызындағы әкімнің өкіміне сай, үй кезегінде тұрған оның жұбайына  аумағы 80.8 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтер берілген. Шағымданушы мен оның отбасы мүшелері осы күнге дейін аталған пәтерде тұрып жатыр.

Ал Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі пәтердің ведомствалық екендігіне сілтеме жасап оны жекешелендіру туралы өтініштің заңды екендігін айтады. 

Сотта  белгілі болғандай, пәтер қызметтік баспана ретінде бөлінуі мүмкін емес. Себебі, ҚР Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, шағымданушының жұбайы қызметтік пәтер берілетін қызметкерлер санатына жатпаған.

Куәгер ретінде айғақ берген Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаттың бөлім басшысы М. сотқа даулы пәтерге қатысты мұрағаттық мәліметтерді ұсынып, Қостанай қаласы әкімінің өкімінің және сату-сатып алу келісім шартының тұп нұсқасын ұсынды.

Сонымен қатар, шағымданушы 1998 жылдың 31 наурызында берілген пәтердің техникалық тұлқұжатын көрсетті, онда  пәтер «Тұрмыс» АҚ меншігінде екені көрсетілген. Кейін аталмыш акционерлік қоғам құқықтық мирасқорсыз жойылғандықтан тиісті құжаттар дер кезінде ресімделусіз қалған.

Істі қарау нәтижесі бойынша, сот Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және тұрғын үй бойынша комиссияның пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп танып, азаматша Т-ның шағымын толығымен қанағаттандырды. Сонымен бірге, сот мемлекеттік мекемені қалдық құны туралы бір жолғы анықтама беру арқылы пәтерді коммуналдық меншікке өткізуге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі