Қостанайда сот жасөспірімге қатысты тәрбиелік шара қолданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кәмелеттік жасқа толмаған П-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде кешкі сағат бес шамасында П. Леонид Беда көшесінің бойында темекі қалдығын жерге лақтырған. Осы әрекетімен қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысы барысында П. әкімшілік құқық бұзушылықта өз айыбын мойындаған.

ҚР ӘКБтК 68-бабына сәйкес, жауапкершілікке алғаш рет тартылған жасөспірімдер жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. 

 Сот қаулысымен П. әкімшілік құқық бұзушылықта айыпты деп танылды. Оған қатысыт тәрбиелiк ықпал ету шаралары қолданылып, заң талаптары түсіндірілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі