Қостанайда "Сот жүйесінің үздік аудармашысы" конкурсының облыстық туры өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бастамасы аясында бүгін Қостанай облыстық сотында облыстың жергілікті соттарының маманарының арасында "Сот жүйесінің үздік аудармашысы" конкурсы өткізілді. Конкурстық комиссия құрамында Қостанай облыстық сотының судьясы Гүлнәр Исмайлова, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ерлік Сералин және облыстық соттың бас маманы-аудармашы Ұлболсын Исергепова болды.

Конкурсқа жергілікті соттардан сегіз маман қатысты. Үш турдан тұрған сайыста мамандар қызметтік және ресми хаттарды, сот актілері мен сот отырысы барысындағы диалогтарды аударды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылған тапсырмаларды орындауға жарты сағат уақыт берілді.  

Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша Қостанай қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы Алтынай Қозыбекова бірінші орынды иеленді. Екінші орын Қостанай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Қаламқас Рысжановаға, үшінші орын  Жітіқара аудандық сотының жетекші маманы Ғазиза Кеңесбаеваға берілді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі