Қостанайда судьялық лауазымға үміткерлер сот отырысына қатысушылар рөлін сомдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының оқу орталығы судьялық лауазымға үміткерлердің қатысуымен көрсетілімдік сот отырысын ұйымдастырды.

Облыстың қалалық соттарында тағылымдамадан өтіп жүрген бес судьялық лауазымға кандидат Қостанай қаласының №2 сотында көрсетілім түрінде сот процесін өткізді. Судья, прокурор, адвокат, сотталушы мен жәбірленуші рөлдері үміткерлер арасында жеребе тастау арқылы бөлінген.

Қылмыстық іс бойынша көрсетілім түріндегі сот процесі Қылмыстық процестік кодекске сәйкес жүргізілді. Іс ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (ұрлық) қаралды. Істің мән-жайына сәйкес, «сотталушы» 2016 жылғы қарашада кешкі тоғыздан кейін өткіншіні қарға құлатып, құны 67 мың теңге болатын ноутбук салынған сөмкесін иемденген.

Судьялыққа кандидаттар өз рөлдерін жақсы сомдап, сот отырысы барысын бақылаған тәжірбиелі судьялар мен  сот мамандары нақты сот отырысының атмосферасын сезіне алды.

Қостанай облыстық сотының судьясы Айгүл Искакова кандидаттар қойылған міндетті өте жақсы орындағанын атап өтті.

-Уақыт өте батылдық келеді. Ең бастысы процестік нормаларды қатаң сақтап, заңды әрі әділ шешім шығару,- деді судья.

Бұл Қостанай облысы соттарында көрсетілімдік сот процесін өткізу алғашқы рет емес. Бұдан былай, судьялық лауазымға үміткерлер үшін бұл іс-шара үнемі өткізіліп тұратын болады.       

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі