Қостанайда тұрғын үйдің қақпасын соққан Лексус жүргізушісі 20 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ішімдік ішкен күйде «Лексус» автокөлігін басқарып, азамат Л-ға тиесілі жеке тұрғын үйдің қақпасын соққан жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Әкімшілік іс материалдары бойынша, оқиға ағымдағы жылдың 9 маусымында сағат 16.00 шамасында болған. Көлік жүргізу куәлігі болмаған 35 жастағы Г. алкогольдік масаң күйде «Лексус РХ 350" маркалы автокөлігін басқарып, Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің қоршауын қағып, азамат Л-ға материалдық залал келтірген.   

Әкімшілік сот қаулысымен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі