Қостанайда ювеналды сот әкесін ата-ана құқығынан айырды және аймақтың білім беру органдары атына жеке ұйығарым шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Түрлі аурумен туғантоғыз жасар ұл бала ата-анасыз қалды.  Анасы небәрі баласы үш жаста болғанда ата-ана құқығынан айырылған. 2011 жылдан 2014 жылға дейін ол «Дельфин» Қостанай балалар үйі» КММ, содан соң"Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 Қостанай түзеу мектеп-интернаты" КММ  өмір сүрген.
         2016 жылғы қазанда «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ келісімі негізіндеазаматТ. бес жыл бойы балаға қорғаншылыққа қол жеткізуге тырысып, кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты АХАТ органы арқылы өзінің әкелігін орнатып, баланы өз тәрбиесіне алып кетеді.  Ұлы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін Қостанай арнайы мектебі» КММ оқуға анықталған.
         2017  жылғы сәуірде мұғалімдер баланың денесінде көптеген дене жарақатын анықтаған. Соңғы кезде үй жұмыстарын жасамай, мінез-құлқы да жаман жаққа қарай өзгеріп кеткен. Жеке сенім білдіре әңгімелескенде бала оны әкесі ішімдік ішкен күйде белбеумен қол жұмсағанын айтты.
         ӘкесінеҚР ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі бойыншақылмыстық іс қозғалған,ол Қостанай қаласының ІІБ іс жүргізуінде. Мән-жайды анықтауда, белгілі болғаны, азамат Т.-ның өз тұрғын үйі жоқ, жатахананың бөлмесінде  тұрады.Ұстаздар тарапынан баласына қатысты айтылған бірнеше ескертуге ашулана қабылдаған. Бірнеше рет оны мас күйінде көрген. Отбасы тұрғылықты мекенжайын жиі өзгертіп тұрған.
         Істің бар мәнжайын зерделеп, тараптарды тыңдап, сот азамат Т. ата-ана құқығынан айырды. Сондай-ақ, сот «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ,  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ, Қостанай облысы білім беру БасқармасыатынаҚазақстан Республикасы заңын бұзғаны туралы жеке ұйғарым шығарды.
         Сот, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММәкелігін орнатуға келісім бергенін атүсті қарады депсанайды. Азамат Т. жеке тұлғасы, оның тұрмыстық жағдайы, оны әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер зерттелмеді. Сонымен қатар, сот әкелігін орнатуға келісімді неге осы органмен берілгені, өйткені баласы мен әкесі әкелігін орнату сәтінде шын мәнінде Қостанай қаласында тұрғанын.түсініксіз деп тапты.
          «Қостанай әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ да бұл мәселеге атүсті қараған, 2016 жылғы13 қазандатұлғасы толықтай орнатылмаған әкенің тәрбиесіне баланы беруге рұқсат берген.
         Азамат Т.тыныштықты бұзғаны, ішімдік сусындарын ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке  бірнеше рет тартылған.
         Әкесімен жарты жыл тұрған уақытта бірнеше ауруы бар жеткіншекотбасына бір беріп, бір алғаны үшінтүңілуге шалдыққан. Сол уақыт ішінде өгей анасына бауыр басып, оны ана деп атап кеткен, психологтың өзі оған жақын екенін көрсеткен.
         Ересектер әлемінде салғырт ата-ананың кесірінен ойыншыққа айналған бала жаңа қайғыға тап болды.
Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі