Құрметке лайық деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында облысты судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараны ашу кезінде сөз алған  облыстық сот төрағасы Ғалымжан Мырзаке  Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарыс қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданатынын атап өтті.

Құттықтау сөздерден кейін жақсы үрдіске сай, қызметкерлерді марапаттау рәсімі болып өтті. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Жоғарғы Сотының өкімімен сот жүйесіндегі мінсіз қызметі және сот төрелігін жүзеге асырудағы жетістіктері үшін ҚР Жоғарғы Сотының «Мінсіз қызметі үшін» медалімен облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциалық сот алқасының төрағасы Денис Шипп және облыстық сот судьясы Қлышпай Сәлмұхаметов марапатталды.

Ал облыстағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы Сергей Нұровқа сот жүйесіндегі мінсіз қызметі және сот төрелігін жүзеге асырудағы жетістіктері үшін ҚР Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің үздігі»  кеуде белгісі тағылды.

Айтулы күнде сот жүйесінің ардагері Серікбай Малтабаров ұзақ жылдар бойы сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін   «Сот жүйесінің ардагері» медалімен,  құрметті демалысқа шыққан облыстық сот судьялары Галина Тодорова, Галина Пирогова және ардагер Нина Ткачева «ҚР Судьялар одағының құрметті мүшесі»  құрмет белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асырудағы жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚР Судьялар Одағы облыстық сот судьясы Серік Қайкеновке, Денисов аудандық соты төрағасы Владимир Лелекаға, Қостанай қ. әкімшілік сотының төрағасы Мақсат Сергазинге, Қостанай аудандық сотының судьясы Батырбек Құдабаевқа, қылмыстық істер жөніндегі сот судьясы Ерлік Сералинге, Қостанай қ. №2 соты судьялары Наталья Бускоға, Алтынай Байжұмановаға алғыс жариялады.

Қостанай облыстық соты төрағасының грамоталары облыстық сот судьясы  Қарлығаш Исмағұловаға, Қостанай қ. соты төрағасы Мұрат Наймановқа, Рудный қ. соты төрағасы Талғат Ибрашевқа және  Меңдіқара аудандық соты судьясы Алтынай Сағындықоваға табысталды.   

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Департамент басшысының өкімімен сот жүйесіндегі ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін  ҚР Жоғарғы Сотының «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталу құрметіне Рудный қалалық сотының бас маманы Марина Латохина және Рудный қаласы әкімшілік сотының бас маманы Мүслима Молдагозина,  «Сот жүйесінің үздігі»  кеуде белгісіне Қостанай қ. сотының бас маманы Татьяна Колисниченко  ие болды.

Мерекелік шара соңы филармония әртістерінің қатысуымен  концерттік бағдарламаға ұласты. 

Қайнар: 
Пресс-служба Костанайского областного суда