Құрметті қала және облыс тұрғындары!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді ғасырлар қойнауынан бастау алған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ендеше, ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, шаңырақтарыңызға - бақыт пен шаттық тілеймін. Әз-Наурыз шырайлы шаттық, ырыс әкелсін.

       Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!  

           

                Құрметпен,А.Мерғалиев  

Қостанай облыстық сотының төрағасы