Құрметті Қостанай қаласы мен облысының тұрғындары!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Айбыны асқан, ізгілік шашқан тамыры терең өнегелі өркениетіміздің өлшемі. Әз халқымыз оны қашанда биік көңілмен, кемел пейілмен ерекше қарсы алады.

Айтулы мереке қарсаңында елімізде тыныштық пен бейбітшілік, отбасымызда берекелік пен үйлесімділік, ағайын-жолдас арасында татулық пен достастық нығая берсін.

Наурыз шаңырақтарыңызға бақыт, шырайлы шаттық, ырыс әкелсін.

Құрметпен, Қостанай облыстық сотының төрағасы  Ғ. Мырзаке