Құрылыс құрал-саймандарын ұрлау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай аудандық соты 2014 жылы 20 наурызда ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігі «в»-тармағы, 175-бабы 2-бөлігі  «б, в» -тармақшасы, 175-бабы 2-бөлігі «б»-тармағы, 175-бабы 2-бөлігі «б, в»-тармақшасындағы қылмыстарды жасауда айыпталған азамат С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

2012 жылы 12 шілдеде сағат 12 шамасында сотталушы  С., пайдакүнемдік ниетте бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, салынып жатқан үйге заңсыз етіп, жәбірленуші К. тиесілі құрылыс құрал-саймандарын ұрлап, жалпы сомасы 18 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Өзінің қылмысын жалғастыра сотталушы С. 2012 жылы 5 тамызда сағат 7 шамасында заңсыз шағын вагонға кіріп, жәбірленуші Ж. тиесілі құрылыс құрал-саймандарын ұрлап, жалпы сомасы 12 300 теңге шығын келтірген.

 2012 жылғы 20 тамызда қылмыстық ниетін жалғастыра, еркін КАМАЗ автокөлігінен 2 аккумуляторлық батарея ұрлаған. Жалпы сомасы 50 000 мың теңге шығын келтірген.

2012 жылғы 2 қыркүйекте сағат 14-терде заңсыз гаражға еніп, жәбірленуші Р.-ға тиесілі құрал-саймандарды ұрлап, соңғысына 49 500 теңге сомасында материалдық шығын келтірген.      

Сотталушы С. кінәсін толық мойындап, талаптағы ұрланған заттар көлемін толық көлемде таныды. Анасынан кешірім сұрады.

Сот азамат С.-ны ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігі «б, в»-тармақшада көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп таныды. Және мүлкін тәркілемей, жалпы тәртіптегі түзеу колониясында жасасын өтеумен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.