Қылмыстық іс түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таран аудандық сотына 2014 жылғы 04 сәуірде  ҚР ҚК-нің 242-бабында көзделген қылмысты жасауда азаматша С.-ны айыптау бойынша қылмыстық іс түсті.

2014 жылғы 28 наурызда сағат 19.27 шамасында  Таран ауданы Тобол ауылында айыпталушы С. №116 Тобол орта мектебіндегі жұмыс орнында қызметтік телефоннан аталған мектепте әлеуметтік педагог болып жұмыс істейтін азаматша Т.-ның үй телефонына қоңырау шалған. Мектептің қызметтік телефонына белгісіз ер адам №116 Тобол орта мектебіне жарылғыш қондырғы қойылғаны туралы хабарлады деп жаңылыстырған. Өз кезегінде азаматша Т. Таран АІІБ Тобол АПБ полициясының кезекші бөліміне дайындалып жатқан террорлық акт туралы хабарлаған.

Айыпталушы С. ҚР ҚК-нің 242-бабында көзделген терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлады.

Аталған іс бойынша басты сот талқылауы 2014 жылғы 11 сәуірге сағат  16-00 тағайындалды.