Материалдық зиянды өтеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Арқалық қаласы Ақбидай ауылының тұрғыны тоқ беру желісі электр сымының үзілуі салдарынан 2011 жылғы 15 сәуірде ток соғып өлген үш бас ірі қара малдың құны 528 000 теңге материалдық зиянды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот, тиісті емес жауапкерге берілгендіктен талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды, нақты сол желінің үзілуі болған жер учаскесі баланстық тиістілікте болмауы материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соғады деген «Костанайюжэлектросервис» МКК өкілінің айтқан уәждерін дәлелсіз деп есептеді.  

Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау мамандарының қатысуымен болған өлген жануарларды комиссиялық қарау туралы актіге сәйкес «электр тогының соғуынан жүректері тоқтап қалғандығы» туралы диагноз қойылған. 

Арқалық қалалық соты 2014 жылғы 4 наурызда «Костанайюжэлектросервис» МКК-дан электр сымының үзіліп, тоқ соғуы салдарынын өлген үш қара ірі малдың құны 528 000 теңгені өндірген.  

Тегтер: