Мерекеге арналған салтанатты жиын

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін облыстық соттың жалпы отырыс залында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Онда облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы У.К.Қошанов баяндама жасап, «Күн мен түн теңеліп, жаңару мен гүлденудің, татулық пен ынтымақтың нышаны болған осы  берекелі мерекеде, 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні, табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды...» - деп, судьялар қауымының отбастарына береке мен үйлесімділік, дендеріне саулық, шырайлы шаттық, ырыс тіледі.

Сонымен қатар, мерекелік жиында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Д.А.Шипп, Қостанай облысы сот жүйесі ардагерлерінің төрағасы Т.С.Жармұхамбетов, Қостанай облыстық сотының судьясы Қ.Е.Өтетілеуов және орнынан түскен судья Д.К.Темірбаева жиналғандарға игі тілектерін айтты.

Салтанатты жиыннан соң судьялар сот жүйесінің ардагерлері үшін ақ дастархан жайды.