Мұз қалашықты соққаны үшін

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лисаков қаласының тұрғыны К. 4 қаңтарда өзі басқарған көлікке ие бола алмай «Мұз қалашықты» қоршаған мұз қоршауға соғылып, кейін жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот отырысы барысында К. өзіне тағылған кінәні толығымен мойындап, өкінішін білдірген. Және де әкішілік құқық бұзушылықты бірінші жасап тұрғандықтан қорқып, оқиға орнын тастап кеткенін түсіндірген.

Істі қарау нәтижесінде Лисаков қалалық соты шешімімен азамата ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 611 б. 2 б.бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылу әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Лисаков қалалық соты