Науырзым аудандық сотында өткен дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 10 сәуірде Науырзым аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік органдардың рөлі мен маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөнгелек үстелге Науырзым ауданының прокуроры мен «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты.

Науырзым аудандық сотының төрағасы аталған тақырыптың  маңыздылығына тоқталды. Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күресу бастапқы міндет болып саналады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар  өз құзыреті  шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу қажет деді.

Бас қосудың соңында төрағалық етуші жиналғандарға оң жетістіктерге жету үшін бұл келеңсіздікпен күресу бойынша бірігіп күш салуды, белсенді жұмысты жүргізуді тіледі.