Облыс соттарының 2014 жылғы 1 тоқсанына жұмыс қорытындысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 04 сәуірде Қостанай облысы соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша Жалпы отырыс өтті.

Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы У.К.Қошанов, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы  Д.А.Шипп алқа жұмыстары туралы баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде облыс соттарында 16333 іс  аяқталған, 2013 жылмен салыстырғанда 12 іске аз.

Азаматтық істерді қарау сапасы бұрынғы деңгейде, сырттай тәртіпте қаралған және талап арыздарды қайтару мен қараусыз қалдыру туралы азаматтық істер саны біршама азайған, есеп беру кезеңінің соңында сот істерінің қалдығы төмендеген, сондай-ақ медиация рәсімін қолданумен аяқталған істер саны ұлғайған.

Сонымен қоса, есеп беру кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық істер бойынша сот төрелігін атқару сапасы төмендеген, күшін жойған және өзгертілген үкім саны 1,0 % өскен, әсіресе Әулиекөл аудандық соты–  6,5%, Қостанай аудандық соты –  8,2% өсуге жол берген.

Ал, азаматтық әрі әкімшілік істер бойынша күшін жойған және өзгертілген сот актілерінің саны өскен, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьяларына ерекше назар аудару керектігі айтылды.

Күн тәртібі бойынша облыстық соттың кассациялық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Қ.Ж.Сәлмұхаметов алқа жұмысы туралы баяндама жасады.

Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы У.К.Қошанов 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына облыс соттарының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Басты міндеттердің бірі - сот билігінің тәуелсіздігін, тиімділігін, абыройын көтеру бойынша көлемді жұмыстарды атқару. Сондай-ақ басты міндеттің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресті жалғастыру. Биліктің бір тармағы ретінде қоғамда сот жүйесіне оң және құрметпен қарау көзқарасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалыптастыру да негізгі міндеттердің бірі. Судьялардың кәсібилігін көтеру де айтарлықтай маңызды,- деді.

 

            Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі