Президент Жарлығымен Қостанай облыстық сотының судьясы лауазымына тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 31 мамырдағы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының судьясы лауазымына тағайындалған судьялар бүгін салтанатты түрде таныстырылды.

Бұған дейін Қостанай қалалық №2 сотында судья болған Мәдина Саламатова, экономикалық сотта сот төрелігін жүзеге асырған Гауһар Сейдахметова, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы болған Мақсат Серғазин облыстық сот судьялары болып тағайындалды. Олардың барлығының жұмыс өтілі 13 жылдан кем емес. 

Судьяларды құттықтаған облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев оларға жұмыста табыс пен төзімділік тіледі.

Осы Жарлықпен бұған дейін Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья болған Маржан Жанбекова мен Таран ауданында судья болған Бақыткүл Қадырова  Қостанай қалалық сотының судьялары болып тағайындалды.   

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі