Ресей Федерациясының азаматын елден шығаруға бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотқа "Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының ішкі істер бөлімі" ММ Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының К. азаматын шығару арызымен жүгінді. Онда азамат К. 2012 жылғы қазанда қасақана белгіленген құжаттарсыз және тиісті рұқсаты болмай, Жітіқара ауданы Қондыбай ауылында орналасқан кеден бекетінің арнайы күзетін елемей, заңсыз Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен, ол үшін 2013 жылғы маусымда ҚР ҚК-нің 330-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 6 ай мерізмге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, 1 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде сотталған.

Мүдделі тұлға К. ІІБ дәлелін қолдап, 2014 жылғы 11 ақпанда шартты соттаудың күші жойылғанын және одан соттылық алынғанын түсіндірген. Қазақстан Республикасынан шығуға қарсы еместігін, ерте кетіп қалатын еді, егер оған сотты күту керек деп айтпағанда деді. Қазақстан аумағында әйелі, балалары тұрып жатыр, алайда құжаттарды ресімдей алмай жүргенін айтып, жақын арада Қазақстан Республикасы аумағынан шығамын деп уәде берген.

"Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының ішкі істер бөлімі" ММ-нің Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының К. азаматын шығару арызын қанағаттандырудан бас тартылды.