Сот орындаушының шақыруына келмегені үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық соты 2014 жылғы 1 сәуірде азамат Е. және Б.-ға қатысты екі әкімшілік іс қарады. Жітіқара ауданаралық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушылары жоғарыда көрсетілген азаматтардың сот орындаушының шақыруы бойынша көрсетілген уақыт мен күні келуден жалтарғандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 521-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандары туралы хаттамалар құрастырған. Қос құқық бұзушыға бір айлық есептiк көрсеткiш – 1852 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.