Сот шешімін орындаудан бас тарту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Науырзым ауданының тұрғыны азаматша П. кәмелет жасқа толмаған балаларына қатысты балалар мекемесінің пайдасына алимент өндіру туралы Науырзым аудандық сотының 06.08.2009 жылғы шешімін орындаудан бас тартуда.

Сот отырысында азаматша П. аталған әкімшілік құқық бұзушылықта кінәсін толық мойындады, түсіндіргені- сот шешімімен оның екі кәмелет жасқа толмаған баласын асырау үшін балалар мекемесінің пайдасына одан алимент өндірілген. Шешім заңды күшіне енген соң сот орындаушы бірнеше рет оған сот шешімін орындау керектігін айтқан. Алайда, сот шешімін тұрақты жалақысы болмағандықтан орындауға мүмкіндігі жоқ. Қазіргі таңда жұмыс істемейді, бірақ жақын арада жұмыс тауып алып, мүмкіндігінше алимент бойынша берешегін өтеймін деуде.

Сот қаулысымен аудан тұрғыны 5 тәулікке қамалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: