Сот тұрғын үйді сату және сатып алу туралы келісім-шартты заңды деп тану дауы бойынша тараптарды бітімгершілікке келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соғы екі жылдан бері Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылының тұрғыны Д. тұрғын үй үшін 1 млн. 200 мың теңгені бөліп төлеп келген. Үй құны үшін төленетін соңғы 140 мың теңге қалғанда, үйдің бұрынғы иелері сатып алушы Д-ның жоқтығын пайдаланып, барлық жиһаз бен жеке заттарын далаға шыарып, есікті шегелеп кеткен. Олар қалған 140 мың теңгенің орнына 440 мың теңге төлеуді талап еткен.

Үйді сатушылардан алынған қолхаттары мен куәгерлері бар азаматша үйге деген құқығын сотта дәлелдеуге мәжбүр болған.

Әулиекөл аудандық сотында талапкер Д-ның жауапкер Т-ға тұрғын үйді сату және сатып алу туралы мәмілені заңды деп және өткізілген деп тану туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарау барысында тараптардан сот медиациясын өткізу туралы өтініш түскен.

Тараптар арасында сот медиациясына сәйкес дауды медиациялық жолмен реттеу туралы келісім жасалды. Келісімге сәйкес, талапкер қалған қарыз соммасы 500 мың теңгені өтеуге, ал жауапкер аталған сомманы алғаннан соң нотариуста үйді сату-сатып алу туралы келісім-шартын рәсімдеп, барлық тиісті құжаттарды беру міндетін алды.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі