Судьяға алғыс білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғалымжан Мырзакенің поштасына Х.Хабибовадан облыстық соттың судьясы Ағайша Нұрлымбаеваның атына алғыс хат түсті.

Хат иесі Қостанай облыстық сотының сот төрелігін атқарудағы жұмыс сапасын жоғары бағалай отырып,іс бойынша «өзінің және үш баласының тұрғын үйге деген құқығын қалпына келтіруге заңды түрде мүмкіндік беретін және әділеттілік қағидасына лайықты шешім қабылдағаны үшін» судья А.Нұрлымбаеваға алғысын білдірген.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі