Сыбайлас жемқорлық ісі қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Айыптаудың жаңа эпизоды бойынша  А.Л. Маклюкке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі қаралды.

Қостанай қаласында 2012 жылғы 2 шілдеден 2013 жылғы 20 наурызға дейін А.Л.Маклюк «Қостанай қаласы әкімдігінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі ТКҚ бөлімі» ММ-нің басшысы болып жұмыс істеген уақытта «Промстройпроект» ЖШС-мен Қостанай қаласы канализация сорғыш станциясының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша 7 500 000 теңге сомаға шарт жасаған.

Шартты  бұзуда А.Л. Маклюк жобалау-сметалық құжаттамасыз және оң мемлекеттік сараптама қорытындысыз шын мәнінде орындалмаған жұмысқа 1 500 000 теңге бюджет қаражатын аударуға тапсырма беріп, мемлекет мүддесін  бұзған.

«Қостанай қаласы әкімдігінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі ТКҚ бөлімі» ММ-нің балансында маңызы жоқ, 2012 жыл соңында 900 000 теңге сомасынағы тозуымен канализация сорғышы №5 станциясының объектісі қойылған.

Үкім 9.04.2014 жылы жарияланды, онда Александр Леонидович Маклюк ҚР ҚК-нің 307-бабы, 2-бөлігі, 314-бабы, 2–бөлігінде көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылды.Оған:

- ҚР ҚК-нің 307-бабы, 2-бөлігі бойынша – 2 жыл бас бостандығынан айыру,

- ҚР ҚК-нің 314-бабы, 2–бөлігі бойынша  -  мемлекеттік қызметте 2 жыл мерзімге дейін қызметте болу құқығынан айырып, 1 бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 58-бабы 2-бөлігін қолданылып, түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен мемлекеттік қызметте 2 жыл мерзімге дейін қызметте болу құқығынан айырылып,  2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес 1 жылға дейін сынақ мерзiмiмен жаза шартты түрде соттау болып саналды.  

ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігі негізінде А.Л. Маклюк жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтарпау шарасы үкім заңды күшіне енген соң күшін жояды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.