Сыбайлас жемқорлық ісі түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласы №2 сотының іс жүргізуіне  2014 жылғы 31 наурызда сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі түсті.

2014 жылғы 14 наурыздан 18 наурызға дейін Қостанай қаласында «Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі» ММ полиция батальонының полиция қызметкері  азамат М. меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады.

2014 жылғы 14 наурызда түскі үзілісте жүк тиеуші Н. қоймаларға баратын бақылау-өткізу орнынан өткенде, күзеттегі полиция қызметкері М. тоқтатып,  жүк тиеуші Н.-дан ұрланған, іздестіруде жүрген телефонды қарау және базадан тексеру үшін ұялы телефонын ұсынуды сұраған. Сонымен қоса, айыпталушы М. IМЕI телефон кодын анықтап, жазып алған.

Сол күні түстен кейін айыпталушы М. жүк тиеушіге оның ұялы телефоны ұрланған ретінде есепте тұрғанын хабарлаған, түсініктіме жазуды өтінген, содан соң 5000 теңге тұратын телефонды мән-жайды анықтау үшін алып қойған, кейін өзі ие болған.

Әрі қарай айыпталушы М. азамат Н.-ны жаңылыстырып, полиция қызметкерлері оны телефон ұрлығы үшін жауапкершілікке тартып, 15 тәулікке қамағылары келіп жүр деген. Сонымен қоса азамат Н.-ға Қостанай қаласының ІІБ Рустем атты танысы барын, осы мәселені 7 000 теңге сомасында ақшалай сыйақыға шешуге болатынын айтқан. Азамат Н. айыпталушы М. ақша түріндегі параны кейін жедел қызметкерге беруге келісімін берген. Алайда, 2014 жылғы 17 наурызда азамат Н. Қостанай облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне арыз түсірген.

2014 жылғы 18 наурызда айыпталушы М. 7 000 теңге ақша қаражатына ие болған, азамат Н.-ға жалпы сомасы 12 000 теңге материалдық шығын келтірген. Осыдан соң айыпталушы М. қылмыс үстінде Қостанай облысының қаржы қызметкерлерімен ұсталған.

Қылмыстық істің алдын ала тыңдауы 2014 жылғы 10 сәуірде сағат 10 –ға тағайындалды.