Тілшілермен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 07 сәуірде Қостанай облыстық сотында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы У.К.Қошановтың, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы  Д.А.Шипптің,  судьялар әдебі жөніндегі Комиссия төрағасы В.М.Шакунның, Қостанай облыстық сотының кеңсе басшысы Н.Ж.Қатарбековтің қатысуымен БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары: «Қазақстан-Қостанай» ОТРК, «Алау» ТРК, «Қостанай таңы», «Қостанайские новости», «Наша газета» өкілдері келді.

Медиа-жоспарға сәйкес облыс соттарында тоқсан сайын БАҚ өкілдерімен мұндай кездесулер өткізу жоспарланған.

Брифинг Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы У.К.Қошановтың баяндамасымен басталды. Соттар жұмысына баға бере, өткен тоқсанда Қостанай облысы соттарында қаралған істер бойынша барлық санаттағы статистикалық деректерге тоқталды.

Есептік кезеңде Қостанай облысы соттарына барлығы 897 қылмыстық іс, азаматтық іс бойынша 10 730 арыз, 6847 әкімшілік іс түскен.

Облыс соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда медиация рәсімін қолданумен 618 іс аяқталған, оның ішінде 255 – қылмыстық іс, 126 – азаматтық іс пен 237 әкімшілік іс.

Тілшілер Қостанай облысының экономикалық соты Нариман базарын жабу туралы, сондай-ақ тараптың бірі мемлекеттік орган болып келетін азаматтық істерге түсініктеме беріп кетуін сұрады.

Есірткімен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтың айыпталушылары бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің апелляциялық сатыда қаралуы туралы да айтылды.

Судьялар әдебі жөніндегі Комиссия төрағасы В.М. Шакун тілшілер сауалына жауап беріп, 2014 жылғы 1 тоқсанда судьялар әдебі жөніндегі Комиссиясына судьялар әдебінің нормаларын судьялармен бұзу туралы 2 жүгіну түскенін, тексеріс нәтижесі бойынша олар расталмағанын айтты.

Жалпы сот пен БАҚ өкілдерімен сұхбат өз деңгейінде өтті. Брифинг соңында төраға міндетін атқарушы БАҚ өкілдеріне шараға қатысқандары үшін алғысын айтып, әрі қарай бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жемісті жұмыс жасап, тілшілермен осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін сөз етті.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі