Тонау үшін бас бостандығынан шектеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Әулиекөл аудандық соты 2014 жылғы 14 қаңтарда сотталушы А. мен Н.-ны ҚР ҚК-нің 178-бабы 2-бөлігі «а,б,в»-тармағында көзделген қылмысты жасауда (тонау) кінәлі деп танып, оларға  3 (үш) жыл  бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

2013 жылғы 18 желтоқсанда сағат 18.00 шамасында Әулиекөл ауылында  азамат А. мен азамат Н. алдын ала сөз байласып, ауылшаруашылық колледж жатақханасы маңында өмірі мен денсаулығына күш көрсете, кәмелет жасқа толмаған Л.-дан ашық түрде құны 35000 теңге тұратын ұялы телефон ұрап, нәтижесінде көрсетілген сомаға материалдық шығын келтірген.

2013 жылғы 18 желтоқсанда Әулиекөл ауылында  азамат А. тағы да азамат Н.-мен алдын ала сөз байласып, ауылшаруашылық колледж жатақханасының маңында өмірі мен денсаулығына күш көрсете, кәмелет жасқа толмаған З.-дан ашық түрде құны 4000 теңге тұратын ұялы телефон ұрлап, нәтижесінде көрсетілген сомаға материалдық шығын келтірген.

Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініп, жәбірленушілерге шығынды өтеп, кешірім сұраған.

Жеңілдететін мән-жайға сот жасаған әрекеттерін мойындағандарын, материалдық шығынды өтегендерін есепке алды. Сот іс бойынша ауырлататын жағдайды таппады.  Және сотталушылар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Сот, жас ерекшеліктерін ескеріп, сотталушылармен татуласқан, бас бостандықтарын айырмауды сұраған жәбірленуші және заңды өкілдерінің пікірлерін тыңдап, жеңілдететін жағдайлар жиынтығы негізінде қоғамнан оқшауламай, бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген.