Тонау үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Рудный қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 178-бабы  1-бөлігінің «а» тармағында көзделген қылмысты жасауда сотпен кінәлі деп танылған  азамат Б.-ға қатысты үкім жарияланды. Азамат  Б. мүлкін тәркілеусіз, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Сотталушы  Б.  2014 жылғы ақпанда Қашар кентінің №75 үй маңында жәбірленуші  М.-нің денесіне көптеген соққы жасаған. Ашық түрде оның 11000 теңге тұратын ұялы телефонын, құны 500 теңге флеш-картасы мен «Актив» абонентінің  500 теңге тұратын сим картасын ұрлаған. Нәтижесінде жәбірленушіге жалпы сомасы 12 000 теңгеге материалдық шығын келтірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.