Әулиекөл ауданында жарылғаш зат туралы жалған хабар таратқан азамат екі жылға бас бостандығынан айрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Әулиекөл аудандық соты Кұсмұрын ауылының 61 жастағы тұрғыны Балғабай Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі қарады. Ішімдік ішкен азамат кешкі мезгілде "112" нөміріне телефон шалып, бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болатындығы туралы хабарлаған. Осы әрекетімен ол тұрғындар тыныштығын бұзып, арнайы қызмет жұмысына кедергі келтірген.

Сот үкімімен ҚР ҚК 273-бабы бойынша  (терроризм актісі жөнінде жалған ақпарат таратқаны үшін) айыпты деп танылған азаматқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі