Заңсыз ойын бизнесін ашқан 27 жастағы жігітке қатысты сот отырысы басталады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша (ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру) айыпталған 1990 жылы туған К.-ге қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың тамызынан желтоқсаны аралағында Қостанайда алдын ала келісу арқылы тергеумен анықталмаған адам тобымен Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңына қайшы әрекетке барып КСК шағын ауданында екі орында лотерея ойыны ретінде көзбайлаушылық жасап, ойын бизнесін ұйымдастырған. 

Іс бойынша басты сот отырысы 18 қазанда 15.00 сағатта болады. 

 

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі