Жалған қоңырау салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 соты жалған террорлық акт туралы қылмыстық ісін қарады.

Ішімдік ішіп алған 35 жастағы қостанайлық  2014 жылғы 24 қаңтарда сағат 04.18-та, қасақана, телефон арқылы «Қостанай қаласы ІІБ» ММ ғимаратында жарылғыш зат қойылған деп хабарлаған.

2014 жылғы 9 сәуірдегі үкіммен азамат К. ҚР ҚК-нің 242 –бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Жаза мерзіміне қамауда және тергеуде болған уақыты есептелді және түпкілікті  2 жыл 7 ай 6 күн бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Сот үкімімен сотталушыға міндеттер жүктелді. Қамауға алу бұлтартпау шарасы тиісті тәртіп пен ешқайда кетпеу туралы қолхатына өзгертілді.

Прокурор талабы қанағаттандырылды, кінәліден мемлекет пайдасына 8 942 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.