Жангелдин ауданында екі медиация кабинеті ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жангелдин ауданында Торғай ауылы әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДПҚБ-нің ғимараттарында медиация кабинеттері ашылды.

Аудандық соттың бастамасымен жүзеге асырылған медиация кабинетінің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Жангелдин аудандық филиалы төрағасының орынбасарыны Р.Ахметжанов, Торғай ауылының әкімі Г.Сүндетбаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Бірмағамбетов қатысты.

Аудандық сот төрағасы С.Тажкеновтің мәлімдеуінше, ауданда жыл басына бері 3 азаматтық, 3 әкімшілік және 1 қылмыстық іс Медиация заңының негізінде шешімін тауып, қысқартылған.   

Медиация кабинеттерін құрудың басты мақсаты орталықтан шалғай орналасқан ауыл тұрғындарының даулы мәселесін жергілікті жерде шешіп халықты қолдау, сонымен қатар сот және жол шығындарын үнемдеу болып табылады.

Осыған орай, соттар әкімдіктермен бірлесіп әкімдік жанынан медиация кабинеттерін ашу жөнінде жұмысты жүргізуде.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі