Жітіқарада әкімшіліке құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырмауы үшін жүргізушіден пара алған полиция қызметкерлері сотталуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотында Жітіқара ауданының және Жітіқара қаласының ІІБ екі қызметкері 1991 жылы туылған С . және 1976 жылы туған Д. қатысты қылмыстық іс қаралуда. Екеуі де ҚР ҚК 366 бабының 3 бөлігінің 2 тармағы бойынша (лауазымды адамының адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса,сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін пара алуы) қылмысты жасағандықта айыпталуда.

Іс материалдары бойынша,Жітіқара қаласында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде сағат 16.00-де жасырын тексеру барысында, есірткіге мас күйінде автокөлікті жүргізу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырмау  және медициналық куәландырудан өтпеуі үшін азамат Б.-дан жалпы сомасы 30 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін, С. және Д. Қостанай  облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету қызметінінің қызметкерлерімен қылмыс үстінде ұсталды. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі