Жітіқарада қылмыстық іс бойынша куә сотқа мас күйінде келген, сол үшін бір тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында азаматша М.-ға, 1974 жылы туған, қатысты әкімшілік іс қаралды, ол қылмыстық іс бойынша куә бола отырып, басты сот отырысына мас күйінде келген.

Сөйтіп, сотқа құрметтемеуін білдірген, сотта белгіленген тәртіпті бұзған, ҚР ӘҚБтК-тің 653-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.

Құқықбұзушы кінәсін мойындап, сот отырысы залында мас күйінде болғанын растады, ол туралы сот отырысының хаттамасы да дәлел.

Соттың қаулысымен М. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған, оған 1 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік шарасы қолданылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі