"Жітіқаракоммунэнерго" МКК шығын сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық сотына азматша И. материалдық шығынды өтеу туралы талаппен жүгінген. Өз талабында ол Жітіқара қаласы 11-14-70 үй тұрғыны екенін, 2014 жылғы 1-нен 2 қаңтарға қарған түні үйінің жертөлесінде нөлдік және торапты сымның тұйықталуы болғанын, нәтижесінде жүйедегі тоқтың ұлғаюынан тұрмыстық құралдары істен шыққанын, оларды қалпына келтіруге талапкер 29 500 теңге сомасында шығын кетіргенін жеткізді. Жауапкер өкілі талапты мойындамады. "Жітіқаракоммунэнерго" МКК аталған зақымдарға жауапкершілігін алмайды, өйткені электр желісі үшін пайдалану жауапкершілігінің шегі ғимаратқа енгізілген кабельмен есептеледі. Жертөле ғимараты тұрғындардың ортақ меншігі болып саналады, сондықтан оны пайдалану мен сақтаудағы жауапкершілік үй тұрғындарына немесе жеке меншік пәтерді тұтынушылар кооперативіне жүктеледі деді. Алайда, сот жауапкер өкілінің дәлелдерін қабылдамай, талапты толық көлемде қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.