Жол –көлік оқиғасы салдарынан қаза болған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Таран аудандық сотының өндірісіне ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 б. 2 б. - көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соғуы бойынша айыпталған Таран ауданының тұрғыны азамат Георгий Ц.ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Алдын ала тегеу кезінде анықталғандай, 2014 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 01.00 шамасында Таран ауданындағы Новоильинов-Казырев ауылдары көлік жолының бойында орташа масаң күйінде көлік басқарып, жасалған қозғалыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбей сеніп тапсырылған Ваз-21013 маркалы көлікті басқаруда ағаттық жіберіп, көлік жолдан тайып орға құлайды.

Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан  көлікте отырған жолаушы С. жарақат алып, оқиға орынында қаза тапқан.

Іс сот өндірісіне қабылданып, алдын ала тыңдау тағайындалды.

 

 

Қайнар: 
Тарановский районный суд