Автор жазбалары

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиевтің 08.06.2017 жылы өткізген интернет-конференциясына түскен сауалдар және жауаптар

Здравствуйте, я Фисун А.С. хотел бы уточнить, Вальковой вынесен приговор о конфискации имущества, что значит нам( потерпевшим) будет  возвращено то, что она должна?

Құрметті жерлестер!

Шын жүректен Сіздерді келе жатқан Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын! Аяқ басқан Жаңа Жыл Тәуелсіз елімізге әлеуметтік  және рухани өсу жылы болып, айбынын асқақтатып, мәртебесін одан әрі биіктетер кезең болғай!

Жаңа жылда Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, әрбір игі бастамаларыңызға сәттілік, шаңырағыңызға шаттық тілеймін.

Жаңа жылда жарқын армандарыңыз орындалып, бастаған игі істеріңіз жалғасын тапсын, қажырлы еңбегіңіздің тек қана жемісін көріп, береке табуларыңызға шын жүректен тілектеспін!

Құрметті қала және облыс тұрғындары!

Сіздерді баршамыздың ең киелі құндылығымыз – Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын!!

Осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстан Республикасы тарихи таңдау жасап, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған еді. Содан бергі өткен уақыт аралығында Қазақстан бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен ойып орын алған ілгері ел дәрежесіне жетті. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен  құттықтаймын!

Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Тәуелсіз мемлекетімізді халықаралық аренада жаңа деңгейге көтеріліп, өзгемен терезесі тең ел болуында Елбасының еңбегі орасан зор. Ол жеріміздің тұтастығын сақтай отырып, ел тыныштығы мен ауыз біршілікті, татулық пен достықты ту етіп көтеріп, жасампаз Қазақстан құрды. Алдағы уақытта да ел дамуы жолындағы игі істер қарқынды болады деген сенімім  мол.

Құрметті қала және облыс тұрғындары!

Сіздерді ел тұғыры болған – Конститутция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция осы жылдар ішінде ортақ тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда, осымен оның әлеуеті сарқылмайды. Еліміздің негізгі заңы бұрынғысынша Егемен Қазақстанның гүлденуінің басты тетігі болып қала бермек.   

Айтулы күн жыл сайын еліміздегі ынтымақты арттырып, әр шаңыраққа бақ пен береке, денсаулық, баянды бақыт әкелсін.

Құрметті қауым!

Сіздерді еліміздегі ынтымақ пен татулық шуағына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халықтар достығының бесігіне айналған көпұлтты Қазақстанның жолы - тұрақтылық, жаңару, өркендеу. Егеменді еліміздегі жасампаз істерді барша әлем танып отыр.

        Бірлік мерекесі қарсаңында елімізде, ұлт пен ұлыс арасында, әр отбасында бар береке артып, әр шаңырақ шаттыққа толуын тілеймін. Отбастарыңызға бақыт, шаттық пен табыс тілеймін!

 

Құрметті АРУЛАР!

Сіздерді  8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

8  наурыз – ананың аялы алақаны сияқты жүрегімізді мейірімге бөлейтін көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Себебі әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, шырағын жағып шуақтандыратын  нәзік жанды арулар.

Айтулы көктем мерекесінде Сіздерге  зор денсаулық, бақыт, шаттық пен табыс тілеймін!

 

Құрметпен, А.Мерғалиев,

Сәлемдесу

Қостанай облыстық сотының сайтына қош келдіңіздер!

Сот қызметкерлері үнемі жаңартып отыратын ресми сайт арқылы сотқа жүгіну – шынайы соттық ақпаратты жедел алудың бір жолы (сотқа келіп сот ғимаратында орналасқан ақпараттық киосктерден ақпарат алумен қатар).