Кәмелетке толмаған жүргізушінің әкесі қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылғы 31 мамырда   22.04.2007 жылы туған  кәмелетке толмаған бала «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлікті басқарып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Полиция қызметкерлері  көлікті ұстағаннан кейін кәмелетке толмаған жүргізушінің қасында, жолаушы  орындығында оның мас күйінде әкесі отырғандығын анықтаған.

Әкесі кәмелетке толмаған баланың  құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзінің міндеттерін орындамай, бұл әрекеті оның әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген, осыған байланысты Арқалық қалалық сотының қаулысымен Б. ҚРӘҚБтК-нің 127 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Арқалық қалалық соты