Бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы жүйеге көшу «Аманкелді арайы» 27.07.2015 ж.

Версия для печатиВерсия для печати

Мемлекет басшысы міндеттеген «100 нақты қадам» жоспары сот саласына тың тапсырмалар жүктеді.  Бұл бағдарламаны орындау аясында Қазақстаның бәсекеге қабілеттілігі артатыны, «Кәсіби мемлекеттік ақпарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустриаландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекеттік қалыптастыру» деп аталған 5 реформаға байланысты нақты 100 қадам жасалатынын атап көрсетілген.

Заң үстіміздегі қамтамасыз етуге багытталған екінші реформада 19 жаналық енгізілген болса, оның 11 қадамы, яғни, 16-26 қадамдар республикамыздағы сот жүйесін реформалауға қатысты мәселелерді қамтыған. 16-шы қадам бойынша азаматтардың сот төрелегіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесіне үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу қарастырылған. Үш сатылы сот жүйесі – ха­лық­аралық тәжірибеде бар үрдіс. Әлемдегі сот тәжірибесі көрсет­кендей, аралық сатылардың көп болуы сот процестерін қасақана ұзар­туға және сот шешімін сөзбұй­даға салуға ықпал етеді. Сот ше­ші­мінің бірнеше рет өзгеріп, күшін жоюы – республика атынан шешім қабылдайтын соттардың беделіне нұқсан келтіретін факторлардың бірі. Апелляциялық және кас­са­циялық сатылардың бір облыстық сотта шоғырлануы сот істерін қараудың созылып кетіп, шешім қа­был­даудың қиындауына негіз болуда.  Сонымен қатар, кассациялық алқа іс жүзінде Жоғарғы Сотқа жүк­телген қадағалау сатысының қыз­метін атқарып, күшіне енген сот шешімінің қайта-қайта өзге­ріске ұшырауына алып келуде. Ке­ңестік кезеңнен қалған бұл жүйе бүгінгі күннің талабымен үйлеспей, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесін неғұрлым жедел әрі сапалы қорғауға өзінің кері әсерін тигізуде. Келесі жылдың басынан бастап бірінші саты – аудандық соттар, апелляциялық саты – облыстық соттар, кассациялық са­ты – Жоғарғы Сот болады деген ше­шім қабылданып, оны Мемлекет басшысы да мақұлдап отыр.Сонымен қатар,келесі жылы инвестициялық дауларды шешу бойынша сот ісін жүргізудің жаңа моделін құру мақсатында Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын алқа және Астана қаласының сотында мамандандырылған судьялар құрамы қарайтыны жоспарлануда. Осы реформалар сот органдарының алдына жаңа жауапкершіліктер жүктеп, жоғарғы талапқа дайын болуын міндеттейді.

Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мәселесі Елбасы назарынан қашанда тыс қалған емес. Азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің соттар тарапынан дер кезінде қорғалып, олардың жоғарғы саты сот инстанцияларына жүгіну арқылы уақыт оздырмай, істердің үш сатылы сот инстанциясында шешілуі заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуда, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалған оң қадам.

Отандық сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын біз тікелей Мемлекет басшысының осы салаға деген айрықша көңіл бөлуімен байланыстырамыз. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде ол сот жүйесінің барлық мәселелерімен мән беріп, заманауи демократиялық әрі құқықтық мемлекет құрудың жалпыәлемдік озық тәжірибесіне сәйкес шын мәніндегі соттар тәуелсіздігін қалыптастырудың қолдаушысы болды.  Осы орайда барлығы: заңнама да, судьялардың құзыреті де, сот жүйесінің құрылысы да, судьялыққа үміткерлерді іріктеу жүйесі де назардан тыс қалған жоқ.

Президент тұрақты түрде өткізетін республика судьялары съездерінің шеңберінде еліміздің сот корпусымен ашық әрі әділ диалог жүргізіп келеді. Мұнда Мемлекет басшысы ұсынған барлық жаңашылдықтар талқыланып, жаңа міндеттер алға қойылып, сот билігін дамытудың жаңа басымдықтары айқындалып отырады.Осы айтылған міндеттердің Ұлт Жоспарымен үйлесетіндігін атап өткен жөн.

 

Аманкелді аудандық сотының төрғасы Т.С. Байкин