Судом защищены права медицинских работников

Хат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының апелляциялық сот алқасында 19 жұмысшының жұмыс беруші – аймақтық ауруханаға қатысты талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сотқа жүгінген медицина қызметкерлер ауруханада 25 жылдан астам түрлі лауазымдарда жұмыс істеп келе жатқанын, 2023 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс беруші мерзімі өткен біліктілік үшін төлемақы төлеуден бас тартқанын көрсетті.
Осыған байланысты олардың еңбекақысы толық есептелмей төленген. Қазіргі уақытта кәсіподақ та, еңбек инспекторы да жұмысшылардың құқығын қорғамай, сондықтан олар сотқа жүгінді.
Даудың мәні 2023 жылдың 22 ақпанында 2022-2025 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қосымша келісім жасалды, оның 5.36 тармағында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап біліктілік санаттары туралы куәліктерінің мерзімі өтіп кеткен медицина қызметкерлеріне еңбек ақы ауруханалардың қаржылық мүмкіндіктері және біліктілік деңгейіне қол жеткізілген жағдайда төлейтіндігі көрсетілген.
Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақтары, медицина, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қостанай филиалы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жасалған салалық келісімдерге сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің, оның ішінде біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерінің мерзімі өтіп кеткен медицина қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары мамандарға 2015 жылдан кейін берілген берілген біліктілік санаттары ескеріле отырып есептеледі.

Осылайша, ұжымдық шартқа қосымша келісімнің тармағы Салалық және Өңірлік келісімдермен салыстырғанда олардың жағдайын нашарлатады.
Еңбек кодексінің 157-бабының 3-тармағына сәйкес ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз болып саналады және оларды қолдануға болмайды.
Сонымен қатар, даулы қосымша келісім Еңбек кодексінің 156-бабының талаптарын сақтамай жасалған, атап айтқанда, ұжымдық шарттың жобасы ұйым қызметкерлерінің міндетті түрде талқылауына жатады, ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып комиссиямен пысықталады.
​Жоғарыда аталған өзгерістер олардың келісімінсіз біржақты тәртіпте қабылданып, сол арқылы медициналық қызметкерлердің заңды қосымша төлемдерді алу құқықтары шектелген.
​Сот шешімімен ұжымдық шартқа №2 қосымша келісімнің аурухана қаржылық мүмкіндіктеріне қарай ақы төлеуге қатысты 5.36 тармағы жарамсыз деп танылды, сонымен қатар сот жұмыс берушіге жалақыны бұрын берілген біліктілік санаттарын ескере отырып есептеуді міндеттеді.
​Апелляциялық сатыда бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағымның дәлелдері негізсіз деп танылды.

 

https://youtu.be/5EzzNpDT8rQ?si=6XBhfFIcVnAr1DOa\