Әдеп жөніндегі уәкіл семинар өткізді
Қостанай облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Асқат Дүйсенбаев онлайн-жұмыс кеңесін өткізді, оған департамент қызметкерлері, аудандық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілері мен мамандары қатысты.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметті атқару және мемлекеттік құпияларды сақтау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мінез-құлқына жоғары талаптар қойылатыны атап өтілді.