Жаңалықтар

Қостанайда жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

26/04/2024

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 19 сәуірдегі
Жарлығымен Қостанай облысының аудандық және оған теңестірілген сот
судьялары тағайындалды.
Арқалық қалалық сотына - Базылов Алмат Батыржанұлы пен Бисембаев
Арсем Дәлетұлы;
Қостанай қаласының No2 сотына - Баяков Олжас Маратұлы мен
Кетпенбаев Талғат Танатқанұлы;
Лисаков қалалық сотына - Айтукова Анар Төлегенқызы;
Рудный қалалық сотына - Бижанова Әмина Мәлікқызы судья болып
тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.

Судьялар үшін тренинг өткізілді

26/04/2024

Бүгін Қостанай облыстық сотының Оқу орталығының базасында
«Созидание» психологиялық орталығының психологы Нина Косюкпен бірге
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты
істерді қарайтын судьяларға арналған тренинг өткізілді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты отбасы-неке қатынастарынан туындайтын
дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау жөніндегі проблемаларды талқылау қорытындылары
бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұсынымдарын
іске асыру болды.

Туристерді алдағаны үшін бас бостандығынан айырылды

25/04/2024

3911-23-00-1/380 

            Қостанай қаласының №2 сотында алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық, яғни аса ірі мөлшерде, екі немесе одан да көп адамға қатысты, бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі (барлығы 45 эпизод) бойынша Ресей Федерациясының тумасы Ф.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 1,3,4-тармақтары).

 

            Сотта анықтады:

Ашық есік күні

25/04/2024
Бүгін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің персоналды басқару бөлімі мамандары Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттеріне «ХХІ ғасыр түлегі» тақырыбына «Ашық есік күні» шарасын өткізді.  
            Шара әріптестік аясында бүгін және болашақта мамандарды одан әрі жұмыспен қамту және оқыту сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сот орындаушыларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесі

25/04/2024

Қостанай облысының мамандандырылған әкімшілік сотында Қостанай облыстық сотының судьясы Г.В.Зининаның, Қостанай облысының МАӘ сотының судьяларының, прокуратура өкілдерінің, Қостанай облысының Әділет департаментінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің, адвокаттардың, заң консультантарының және жеке сот орындаушылырының қатысуымен  «2023 жыл мен 2024 жылдың 1 тоқсанында сот орындаушыларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Балабақша тәрбиешісі жауапкершілікке тартылды

24/04/2024

 

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі) және тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау (ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігі) бойынша аз.К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Е.Рахымбеков - Маңғыстау облыстық сотының жаңа төрағасы

24/04/2024

Асламбек Мерғалиев Маңғыстау облыстық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған төраға Ербол Рахымбековты таныстырды.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы Сот Төрағасы Ербол Мұқажанұлын жоғары білікті судья, жауапты, әділ, адал адам ретінде сипаттай келе, оның өңірде сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайтынына сенім білдірді.

Рудный қаласының 18 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі таратқаны үшін сотталды

22/04/2024

      Қостанай облысының Рудный қаласының тұрғыны М. Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарында көзделген қылмысты жасады деген айыппен (электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сатып алу, сақтау және тасымалдау) сотқа берілді.

 

Сотта анықталды:

Беттер