Жалған құжат жасау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалық қалалық сотына 2014 жылғы 30 қаңтарда ҚР ҚК-нің 325-бабы 2-бөлігі бойынша жалған құжат жасау фактісі бойынша қылмыстық іс түсті.

Азаматша С. сотталушы бола тұра, өзіне қатысты қылмыстық істі қарау барысында сотқа өзі жасаған жалған ресми құжаттарды ұсынған (976 000 теңге залалды өтеу туралы «Қазпошта» АҚ түбіртегі және бюджет түсімі туралы Арқалық қаласы бойынша салық басқармасының жалған анықтамасы). Сот мәжілісінде сотталушы С. аталған құжаттардың жалғандығын мойындады. Сотталушы сот мәжілісінде оған 976 000 теңге залалды өтеу туралы талап қойылғанын айтты. Содан кейін ол түбіртек бойынша 976 теңге төлеп, түбіртекті сканерден өткізіп, үйіне келген соң компьютер арқылы кассалық құрылғы оттискінде 976 000 теңгеге басып шығарған. Содан кейін ол салық басқармасынан қаражаттың түсімім туралы анықтаманы алып, қаламмен «мың теңге» сөзін толықтырып жазған. Жасаған ісіне өкінді.

Арқалық қалалық сотының 2014 жылғы 21 ақпандағы үкімімен азаматша С. ҚР ҚК-нің 325-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығы бойынша 1 жыл үкімнің орындалу мерзімін ұзартумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне 11.03.2014 жылы енді.