Жітіқарада «Электрондық қылмыстық іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Жітіқара аудандық сотының төрағасы Н.Бекишев Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының ІІБ-де «Электрондық қылмыстық іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Н.Бекишев дөңгелек үстелдің жұмысын ашып, 2017 жылдың тамыз айынан бастап «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы еңгізілгені туралы айтып өтті. Мақсаты – қылмыстық сот ісін жүргізуге цифрлық технологияларды еңгізу, оның айқындылығын жоғарлату, қылмыстық үрдістің мерзімін қысқарту, сондай-ақ, қағазды құжат айналымына шығындарды оңтайландыру.