Архив событий

14/01/2021

Жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру

14/01/2021

Бүгін, Қостанай облыстық сотында Қостанай облыстық соты судьяларының Жалпы отырысы өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Анатолий Смолин, сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы және жаңадан тағайындалған судьялар қатысты.

Сот төрағасы А.Смолин өз әріптестеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы N486 Жарлығымен тағайындалған мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ардақ Көкеман мен Арқалық қалалық сотының судьясы Самат Сембаевты таныстырды.