Рудный қаласының 18 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі таратқаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Қостанай облысының Рудный қаласының тұрғыны М. Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарында көзделген қылмысты жасады деген айыппен (электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сатып алу, сақтау және тасымалдау) сотқа берілді.

 

Сотта анықталды:

 2023 жылдың мамыр айының соңынан бастап М. Қостанай облысының аумағында психотроптық заттарды интернет ресурстар арқылы заңсыз өткізу мақсатында басқа адаммен (куратор) топта алдын ала сөз байласу бойынша әрекет ете отырып, жасырын белгілерді табу арқылы заңсыз түрде синтетикалық есірткі сатып алды, оны кейіннен өзінің тұрғылықты жері бойынша тасымалдады және шағын дозаларға буып-түйген. Содан кейін, 2023 жылғы 1 қазанда есірткі затын өткізу мақсатында Жітіқара қаласының аумағында жалпы салмағы-16,77 грамм болатын психотроптық заттардың (α – PvP) 50-ден астам бетбелгілерін қойып шығады, бұл аса ірі көлем болып табылады.

 

Тараптардың ұстанымдары:

Сотта сотталушы кінәні толық мойындады.

Прокурор ҚК-нің 55-бабын қолдана отырып, сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

 

Сотталушының кінәсі өзінің мойындау айғақтарымен, сондай-ақ куәгерлердің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен (сот сараптамаларының, зерттеулердің нәтижелері, тергеу әрекеттерінің хаттамалары және т.б.) дәлелденді.

 

Жаза бойынша:

Сот қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Жеңілдететін жағдай ретінде сот шын жүректен өкіну және кінәні мойындауын  таныды.

ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сот талқылауы барысында белгіленген мән-жайларды ескере отырып, сот сотталушы М. - ға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот