Мектеп оқушылары арасындағы зияткерлік құқықтық ойын ұйымдастырылды
Аудан тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты, құқықтық мәдениетті арттыру, негізгі құқықтар мен міндеттерді білуін жақсарту мақсатында Бейімбет Майлин аудандық сотының төрағасы Серік Серғазиннің ұйымдастыруымен, прокуратура қызметкерінің қатысуымен аудан мектептерінің оқушылары арасында құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Өз ойыны» атты аудандық зияткерлік іс-шара өтті.
Іс-шара Б.Майлин атындағы мектеп базасында өтті, оған ауданның ауылдық мектептерінен оқушыларынан құралған командалар қатысты.