Қостанай облысы соттарының аймақтық оқу орталығының ЕРЕЖЕЛЕРІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қостанай облысы соттарының аймақтық  оқу орталығының

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

Қостанай облысы соттарының аймақтық Оқу орталығы (ары-қарай оқу отралығы)Қостанай облыстық сотының білім беретін отрасы болып саналады.

         Оқу орталығы  сот төрелігін сапалы іске асыруын қамтамасыз етуге, сот процессінің мәдениетін көтеруге, сот корпусының үздіксіз  біліктілігін арттыру мақсатында құрылған.                                                                                                                    

         Оқу орталығының міндеттері:

         -сот-құқығы реформасының әрі қарай  жоғары сатыда дамуына жәрдемдесу, сот жүйесінің беделін арттыру;

         -оқу және тәжірибе арқылы  заң ғылымының деңгейін  нығайту;

         -судьяларды оқыту кезіндегі сұраныстарын талдау, оқыту әдісі мен түрлерінің  басымдылығын анықтау;

         - құқық қолдану тәжірибесі бойынша ерекше өзекті мәселелерді табу және талқылау, құқық нормасындағы  заңды біркелкі қолдану;

         -соттарды құқықтың әр түрлі салаларын оқуға ұйымдастыру;

         -Тәлімгер Кеңесіне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, менторларға және облыстың базалық соттарындағы жас судьялардың кәсіпкерлігін арттыру;

         - Облыс судьяларының республикалық, облыстық және аймақтық оқу жоспарларына қатысуын ұйымдастыру;

         -Сот жүйесінің беделін арттыру;

         Оқу орталығының  оқыту жоспары Қостанай облысының барлық судьясына көзделген.

         Оның ішінде:

         -судьялық жұмыс өтілімі  аз  судьяларға;

         -құқық қолдану тәжірибесінде қиындық көретін, сот төрелігін жүзеге асыру процессінде қателіктер жіберетін судьяларға ерекше назар бөлінеді.

         Өз қызметінде Оқу орталығы Қазақстан Республикасының 2007-2012 жылдардағы соттың құрылымының стратегиялық жоспарының  тұжырымдамасын, сонымен қатар 2007 жылғы кәсіби дайындық және сот жұмысына машықтану  жағынан жас судьяларға көмек көрсету туралы ҚР Жоғарғы Сотының төрағасымен 2005 жылдың 19 қыркүйегіндегі арнайы жоспарымен және ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің 2004 жылдың 26 мамырындағы № 160Б бұйрығымен бекітілген аудандық, облыстық және оған теңестірілген жоғарғы тұрған   соттардың тағылымдамадан өту  ережесін және осы берілген ережені басшылыққа алады.

    2. Ұйымдастыру жұмысы

         2.1.Оқу орталығы Қостанай облыстық соты төрағасының өкімімен Қостанай облыстық сотының базасында құрылған.

         2.2. Оқу орталығы үш секциядан тұрады:

         -Азаматтық құқық және процесс;

         -Қылмыстық құқық және процесс;

         -Әкімшілік құқық және процесс;

         2.3. Оқу орталығының жетекшісі- оқу бағдарламаларының үйлестірушісі оқу орталығының жұмысына жалпы басшылықты ұйымдастырады.

         Нақты әр секцияның ұйымдастыру жұмысын оқу орталығының мүшесі-модератор атқарады.

         2.4.Оқу орталығының жетекшісі Оқу орталығының жұмысын ұйымдастырып, модераторлардың жұмысын үйлестіреді. Ол үшін:

         -Соттардың оқу кезінде қалаған қажеттіліктері және құқық қолдану тәжірибелеріне байланысты, модераторлармен қоса алқа төрағаларының келісімімен дәріс тақырыптарын,семинарларды, тәжірибелік сабақтарын дайындайды.

           -Оқу орталығының жұмыс жоспарын облыстық сот төрағасының келісілуіне ұсынады.

          -Облыстық сот төрағасына облыстық сотта  және ҚР Жоғарғы Сотында тағылымдамадан өтуге судьялардың кандидатурасы туралы ұсынысты енгізеді;

        -Тәлімгер кеңесімен, базалық облыс соттарының төрағаларымен,Жоғарғы Соттағы оқу орталығының үйлестірушісімен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарма Академиясының сот әділдік институтымен, Судьялар Одағы және оның Қостанайдағы филиалымен судьяларды оқыту кезіндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істеуді;

       -Жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс жайында облыстық соттың төрағасына ақпарат беру;

     - оқу процессін жетілдіру кезінде, сонымен қатар білім бағдарламасына белсене қатысқан судьяларды көтермелеу жөнінде ұсынымды облыстық соттың төрағасына ұсыну;

         2.5.Оқу орталығының мүшесі  модераторлар секцияның жұмысын ұйымдастырушы болғандықтан:

        -Секциялық  сабақтардың тақырыбын дайындауға қатысады,

        -Оқу жоспары бойынша секциялық сабақтардың өтуін ұйымдастырады:

        -тағылымдамадан өтетін жас судьялардың басшыларына облыстық сотта тағылымдамадан өтетін жоспарларын орындауға тәжірибелік көмек көрсетеді:

        -облыстық соттың сот алқаларына тағылдамадан өткен судьялардың жұмыс қорытындысын талқылауға қатысады.

3. Оқу процессін ұйымдастыру

         3.1. Оқу процессі келесі бағыттармен жүзеге асады:

                 -жеке сабақтар;

                -аудиториялық сабақтар;

                - тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.

         3.2. Жеке сабақтар тікелей жетекшімен бекітілген ( төраға және сот алқасының төрағаларымен)судьялардың  жеке оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады;

           3.3 Облыстық сот төрағасының келісілуімен аудиториялық сабақтар оқу орталығының оқу жылына жасалған жоспары негізінде үш бағытта жүзеге асырылады:

             - дәрістер;

             - семинарлар (облыстық, секциялық, бірлескен);

             -тәжірибелік сабақтар.

         Оқыту облыстық соттың судьяларынан, сонымен қатар қалалық және аудандық соттардан нақты мамандандыру бойынша жеткілікті тәжірибесі  бар судьялар, жоғарғы оқу орнының оқытушылары және басқа да құқық саласының мамандар мен дәріскерлерімен өткізіледі.

4. Судьялар тағылымдамасы

         Облыстық сотта судьялар тағылымдамасы- Оқу орталығы жетекшісінің алқа төрағаларымен келісіліп жасалынған және облыстық сот төрағасымен бекітілген, тағылымдама кестесі негізінде облыстық сот судьяларының ішінен тағайындалған жетекшінің басқаруымен жүзеге асырылады.

       Тағылымдамадан өтуші судья тағылымдаманың соңында облыстық сот алқасында тағылымдамадан өтуге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсеткен жетекшілерімен болатын отырыста есеп береді.

5.Базалық соттарымен және тәлімгерлер Кеңесімен

өзара байланыс

         Оқу орталығының базалық соттармен және тәлімгерлер Кеңесімен байланысы өзара   жұмыс істеуі келісім негізінде  қойылған.

6.Материалды-техникалық қамтамасыз ету

 

         Оқу орталығын материалды-техникалық қамтамасыз етуі Қостанай облыстық соты төрағасымен бекітілген жоспарына сәйкес Қостанай облысы бойынша соттар  әкімшісімен жүзеге асырылады.