Сот тарихи

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қостанай губерниялық атқару комитеті Президиумының 1921 жылғы 9 сәуірдегі №1 бұйрығына сәйкес, бұрынғы Қостанай уезінің атқару комитеті мен ұйымының барлық бөлімдері губерниялық деп атала бастады, бұл атаудың өзгеруі сотқа да әсер етті.

1921 жылдың 9 сәуірі Қостанай губерниялық кеңестік халық сотының құрылған күні болып саналады, ол кейінгі құрылған және қазіргі күнге дейін жұмыс істейтін Қостанай облыстық сотының аналогы болып табылады.

1936 жылы 29 шілдеде Қостанай облысының құрылуымен Қостанай облыстық соты ұйымдастырылды.

Қостанай облыстық соты төраға, төрағаның орынбасарлары, сот мүшелері мен халықтық кеңесшілерден тұрды.

Қостанай облыстық сотының құрамына: азаматтық істер жөніндегі сот алқасы, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, Президиум және кеңсе кірді.

Облыстық сот президиумының құрамын Еңбекші халық депутаттары облыстық кеңесі бекітті және оның құрамына төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, жұмысшылар депутаттарының облыстық кеңесі анықтайтын сан бойынша сот мүшелерінен тұрды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 шілдедегі «Кейбір аудандық (қалалық) соттарды тарату, Қызыл-Орда және Қостанай облыстық соттарының кейбір аудандық (қалалық) соттардың аттарын өзгерту туралы» №3580 Жарлығына сәйкес орыс тілінде «Кустанайский областной суд»  «Костанайский областной суд»  болып өзгертілді.